Джо Байден президенттікке кандидатурасын ұсынатынын ресми түрде жариялады

АҚШ, АҚШ президенті, АҚШ-тағы перзидент сайлауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 17:00 Сурет: wikimedia
АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден 2024 жылғы 5 қарашаlf өтетін президент сайлауына кандидатурасын ұсынатын болlы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Джо Байден президент сайлауына түсуге ниетті екенін Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Әр ұрпақтың демократияны талап ететін сәті болады. Негізгі еркіндігін талап ететін. Бұл біздің сәт деп ойлаймын. Міне, сондықтан да мен Америка Құрама Штаттарының президенттігіне қайта үміткер болғалы отырмын". Джо Байден

Бұған дейін Associated Press-NORC сауалнамасы демократтарды қолдайтын респонденттердің тек 47%-ы Байденнің қайта сайлану ниетін қолдайтынын көрсетті. Сонымен бірге барлық дауыс бергендердің 26 пайызы ғана Байденнің кандидатурасын екінші мерзімге ұсынуды орынды деп санайды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: