Жаңалықтар тізбегі
0

Көшеде қолында пышағы бар ер адам павлодарлықтарды шошытып жіберді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2023 10:37 Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде таңертең Павлодар қаласында жол ортасында суық қаруы бар ер адамның жүргені туралы видео пайда болды. Өңірлік полиция аталған оқиға 6 мамырда таңғы сағат 7:30 шамасында орын алғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 мамырда Павлодар қаласының полициясына академик Сәтпаев көшесіндегі сауда үйінің жанында ер адамның пышақпен жүргені туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл факті Павлодар қаласының Солтүстік ПБ-де тіркелді. Дереу түрде көрсетілген мекенжайға автопатрульдер мен тергеу-жедел тобы жіберілді. 39 жастағы ер адам ұсталып, жеке басы анықталды. Қолындағы ас үй пышағы тәркіленді.

"Полиция қызметкерлері ер адамды медициналық куәландыру үшін денсаулық сақтау мекемесіне жеткізді. Нәтижесінде, ер адам мас күйінде болған. Полиция ер адамды уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына апарды", делінген хабарламада.

Тексеру жүргізіліп, мән-жай анықталып жатыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: