Марқұм өрт сөндіруші Арслан Құрманбековтің қалай қаза тапқаны белгілі болды
Сурет: видео скрині
Алматы әкімдігі аға өрт сөндіруші-құтқарушы Арслан Құрманбековтің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, азаматтық қорғау сержанты Арслан Құрманбеков Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіндегі таудың баурайында өртті сөндіру кезінде қызметтік борышын өтеп жүргенде жанып жатқан ағаштың діңі үстіне құлаған. Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.
"Алматы әкімдігі марқұмның туыстарына қатты қайғырып, көңіл айтады. Бұл орны толмас ауыр қайғы. Құтқарушы мамандығының қашанда тәуекелі жоғары. Сержант үлкен қайғылы оқиғаның алдын алу үшін өз өмірін құрбан етті. Оның өшпес ерлігін әріптестері және қала тұрғындары ұмытпайды". Алматы әкімдігі
2023 жылғы 7 мамырда 23:52-ден бері Алматының Медеу ауданы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің филиалы, Кіші Алматы орманшылығының тау баурайында құрғақ шөптер мен құлаған ағаштар (қураған ағаштар) өртенгеніп жатыр.
Медеудегі өртті сөндіру кезінде бір құтқарушы қолын жарақаттап алды және бір қызметкер қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript