Талдықорғанда жасөспірімді тонаған азамат ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Талдықорған қаласында кәмелетке толмаған баланы тонады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды.
Аталған дерек бойынша жасөспірім баланың анасы арыз жазды, ол 17 жастағы ұлын ұялы ұрып-соғып, телефонын тартып алған белгісіз тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, қалалық полицияға жеткізді.
Ұсталған азамат бұрын осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін сотталған ересек адам болып шықты. Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес (Тонау) жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript