Жаңалықтар тізбегі
0

2-4 маусым күндері «Тараз-қолөнершілер қаласы» II халықаралық қолөнершілер көрмесі өтеді

2-4 маусым күндері Тараз қаласында  «Тараз-қолөнершілер қаласы» II халықаралық қолөнершілер көрмесі өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 17:26 Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ағымдағы жылдың 2-4 маусым аралығында Тараз қаласында «Тараз – қолөнершілер қаласы» II халықаралық қолөнершілер көрмесін өткізу жоспарлануда.

Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Жамбыл облысы әкімдігі.

Көрмеге Азия-Тынық мұхиты, Орталық Азия, Еуропа, Таяу Шет елдер мен Қазақстанның қолөнершілері қатысады.

Шақырылған қолөнершілердің жалпы саны - 250.

Сондай-ақ, халықаралық қолөнершілер қауымдастықтарының, халықаралық сарапшылардың, туризм саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуы күтілуде.

Іс-шараның мақсаты-өңірдің туристік имиджін ілгерілету, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, жақын және алыс шетелдерден келген өнер шеберлері арасында тәжірибе алмасу.

Көрме аясында:

• кәдесыйларды сату жәрмеңкесі;

• қолөнершілер байқауы;

• «Көне Тараз» жас қолөнершілер байқауы;

• концерттік бағдарлама, театрландырылған көрініс;

• дөңгелек үстел;

• БАҚ үшін баспасөз конференциясы;

• сырттан келген қонақтарды өңіріміздің тарих және мәдениет нысандарымен таныстыру мақсатында экскурсиялық турлар ұйымдастырылатын болады.

«Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі «Галерея» мен «Көрме залы» ғимараттарында және кешен алаңында арнайы орналастырылған шатырларда қолөнершілер жәрмеңкесі өткізіледі. Сонымен қатар, осы кешенінің алаңында 5 киіз үй тігіледі.

«Көне Тараз» балалар мен жасөспірімдер арасында қолөнер байқауының ережесі дайындалып, байқаудың бірінші кезеңі қазіргі кезде өткізілуде. Осы конкурстың қорытындысы «Көрме залы» ғимаратында өткізіледі, яғни конкурсқа қатысушылар сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталатын болады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: