ҚМА TikTok желісінде құмар ойынды тарататын 100-ден астам аккаунт анықтаған

ҚМА заңсыз құмар ойын ойнаған 100 ден астам аккаунт тапқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2023 10:01 Сурет: freepik
Қазіргі уақытта «TikTok» желісінде құмар ойындар заңсыз таратылуда, деп жазады Zakon.kz.

Негізінен бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады.

"Желілік талдау нәтижесінде біз онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунт анықтадық." ҚМА баспасөз қызметі

Осы жерде ұйымдастырушылар мен қатысушыларға айтқым келетіні - олардың әрекеттері заңсыз, ҚР ҚҚ 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.Қазірдің өзінде сотталғандар бар.

Мәселен, "TikTok" желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқан. Тергеу қорытындысы бойынша олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта сот "TikTok" желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралуда.

"Құрметті азаматтар, қырағы болып, осындай құмар ойындарға араласпауларыңызды сұраймыз. Бұл заңға қайшы. Сондай-ақ, ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның көретін контентіне және оның онлайн саудасына назар аударуын сұраймыз."ҚМА баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: