Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында тәртібі нашар жасөспірімдер сот отырысына қатысты

Алматы облысында тәртібі нашар жасөспірімдер сот отырысына қатысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2023 17:41 Сурет: Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы
Алматы облысында пробация тізімінде тұрған 80-ге жуық жас бар. Тәртібі нашар оқушылар мен студенттерді түзеу мақсатында кездесу өтті.

Аясында жастар Қонаев қалалық сотына барып, сот отырысына қатысты. Мұнда өзгенің үйіне заңсыз кіріп, мүлкін ұрлаған азаматқа қатысты процесс жүрді. Осылайша, қатысушыларға заңды бұзу, қылмыс жасаудың соңы жаза екені көрсетілді. Әрбір теріс әрекеттің зардабы барын жеткізу-басты мақсат. Шараны облыстық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отыр.

"Жас буын арасындағы қылмысты азайту, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізіп отырмыз. Облыс аумағында тәртібі нашар,яғни қара тізімде тұрған 78 жасөспірім бар. Біз олармен ұдайы кездесулер өткізіп, мінез-құлқын бақылап, бағыт-бағдар беріп тұрамыз",- деді Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Дидар Айдарұлы.

Сот отырысына 10 жас қатысты. Олар іс жүзінде басты сот талқылауының тәртібімен танысты. Сот отырысы кезінде қатысушыларға сотталушының құқықтары мен міндеттерін қалай түсіндіретіні, сондай-ақ күдіктіден жауап алудың қалай жүргізілетіні тәжірибеде көрсетілді. Оған жазаның тағайындалуына куә болды. Сот процесі бірнеше сағатқа созылды.

"Жастардың арасында да құқықбұзушылық фактілері кездесіп жатады. Ол заң аясында жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданады. Мұндай кездесулер жасөспірімдер арасындағы ауыр қылмыстардың, я тәртіп бұзушылықтың алдын алуда аса маңызды. Өйткені, сақтықта қорлық жоқ", - деді қалалық сот прокуроры Сәкен Кенесев.

Айта кетейік, алда тәртібі нашар жасөспірімдерді сот процесінеапта сайын қатыстыру жоспарда. Бұдан бөлек, оларды тергеу изоляторларына апару көзделген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: