Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында тоннаға жуық дәнді-дақыл ұрлаған екеу анықталды

Дәндерді ұрлаған адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 15:21 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында 800 келіге жуық дәнді дақыл мен 150 келі сарымсақ жымқырған екі жас жігіт анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келес аудандық полиция бөліміне дәнді-дақылдарды көтерме бағада сатумен айналысатын жергілікті тұрғын арызданды.

Ер адамның айтуынша, оның үйінің ауласына белгісіз біреулер жасырын кіріп, 10 қап ноқат, екі қап ловия, салмағы 30 келі болатын маш, бір қап күріш, 150 келі болатын бес қап сарымсағын жымқырып кеткен, деп жазады Polisia.kz.

Барлығы 800 келігу жуық дәнді-дақыл ұрланған. Жалпы, жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады.

Аталған жайт ҚР КҚ-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Ақпарат бойынша полицейлер бірден жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Куәлардан жауап алып, жақын аумақтағы барлық бейнебақылау камераларын қарап шықты. Көтерме бағада жеміс-жидек, көкөністер сататын базарларды да қарап шықты. Тексеру нәтижесінде жәбірленушінің ұрланған дақылдары өзгеге сатылғаны анықталды.

Осылай жан-жақты жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы өзгенің мүлкін сатып кеткен күдіктілердің көлігі, оның жүрген жері анықталды. Сол арқылы күдіктілердің көлігі көшелердің бірінен тоқтатылды.

Күдікті ретінде екі жас жігіт анықталды. Олардың көлігінен бір қап күріш пен бір қап маш айғақты зат ретінде алынды. Белгілі болғандай, күдіктінің бірі алдын жәбірленушіге зат өткізіп жүрген. Содан ақша қажет болғаннан кейін туысымен бірге ұрлыққа түсіп, арам ойын іске асырған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, іс құжаттары жеделдетілген түрде сотқа жолданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: