Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарды

Шымкентте полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2023 15:19 Сурет: pixabay
Еңбекші АПБ-ның “102” арнасына 1 маусым күндізгі сағат 11:15 шамасында әйел кісі қоңырау шалған. Ол тәртіп сақшыларынан көмек сұрап, күйеуінің өз-өзіне қол жұмсағалы жатқанын жеткізген.

Белгілі болғандай, ер адам жұбайына бейнеқоңырау арқылы байланысқа шығып, қоштасқан. Шақырту бойынша, осы аумаққа қызмет көрсететін 3-ротаның патрульдік полицейлері Айдос Исмаилов пен Дәурен Раев оқиға орнына жетті.

Жедел келген тәртіп сақшылары қақпа жабық болған соң, үйге кіре алмаған. Әр секундтің қымбат екендігін ескерген Айдос Исмаилов қоршау арқылы асып өту үшін жоғарыға көтерілген. Осы уақытта оның серіктесі Дәурен Раев құлыпты бұзып, қақпадан кірген.

Патрульдік полиция қызметкерлері аумақты тез арада шолып, ауланың артқы жағында қосалқы құрылыстардың арасынан арқанға ілінген адамды тапты.

Содан кейін Даурен, ер адам тұншығып қалмас үшін, оны көтеріп, Айдос арқанды кесіп үлгерген. Медицина қызметкерлері де дер кезінде көмек көрсетті.

Қазіргі таңда, азамат ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: