Алматының патрульдік полицейлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматты құтқарып қалды

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2023 16:34 Сурет: Zakon.kz
Түнде "102" пультіне хабарлама келіп түсті. Бостандық ауданының қобалжыған тұрғыны күйеуінің мас күйінде өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты.

Көмекке бірінші болып "Буран-143" патрульдік экипажы барды. Ер адам үй сыртындағы кондиционер компрессорына отырып алған және төменге секіремін деп қорқытқан.

Оның үстіне қолында пынақ болған.

"Оның қолында үлкен ас үй пышағы болды. Пышақты тамақ тұсына тақап алған. Полиция қызметкерлері жарады, қорықпады. Күйеуім оларды да пышақпен жаралауы мүмкін еді. Полиция қызметкерлеріне көп рақмет", – деді қала тұрғыны.

Әйелдің айтуынша, күйеуі мас күйінде ашуға булығып, жанжал шығарған. Содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: