Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда мыңнан аса қоныс аударушыға квота бөлінді

Қостанайда мыңнан аса қоныс аударушыға квота бөлінді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2023 14:44 Сурет: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Былтыр Қостанай облысына 304 қандас пен 808 қоныс аударушы келген. Олардың көш шығыны толық мемлекеттің мойнында.

Мұның сыртында отбасының әр мүшесіне 15-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін демеу қаржы берілген. Бұдан бөлек баспана сатып алуға да қаржы бөлінеді.

Бұл жұмыс биыл да жалғасын тапты. Облыс бойынша 1053 адамға квота бөлініп отыр. Көшіп келген отбасы сол қоныстанған жерінде 5 жыл тұруға міндетті, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл келісім бұзылса, берілген көмектің бәрі мемлекетке кері қайтарылады. Қоныс аударушылар қатарында дәрігер, мұғалім, кенші тәрізді өңірге қажетті мамандық иелері бар.

Атажұртқа оралған қандастардың бір парасы Рудный қаласына орналасқан.

"Үлкен мүмкіндіктер беріліп жатыр. №14 мектепке информатика пәні мұғалімі болып орналастым. Сосын қандастар статусы арқылы отбасымның әр мүшесіне 241 мың 500 теңге берілді." Гүлдана Жақмұратова, қандас


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: