Жаңалықтар тізбегі
0

Елордадағы су тапшылығы мәселесіне қатысты қала әкімі мәлімдеме жасады

Жеңіс Қасымбек, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2023 21:19 Сурет: видеодан алынды
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында су қысымы мәселесіне қатысты мәлімдеме жасап, жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы уақытта Астана қаласында су тапшылығы мәселесі көтеріліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Рас, қаламызда мұндай проблема бар. Қазіргі уақытта тәулігіне 25 мың текше метр су жетіспейді. Қаламыз күн санап өсіп жатыр. Жылына кем дегенде 60-70 мың жаңа тұрғын қосылады, ал соңғы 3 жылдың ішінде қаламызда тұратын азаматтардың саны 200 мың адамға артты. Келесі мәселе – соңғы айда суару жұмысы басталып кетті. Өткен аптада болған +30 градустан асатын аптап ыстық осы аптада да жалғасады деп болжанып отыр. Бүгін де өздеріңіз жақсы білесіздер, күн райы +30 градустан асып тұр", - дейді видео үндеуде қала әкімі.

Жеңіс Қасымбек елордада осыдан 2 жыл бұрын әкімдіктің екі жаңа нысанның құрылысын бастағанын еске салды.

"Бірінші нысан – қазір өздеріңіз көріп отырғандай, мынау сорғы станциясы. Бұл нысанның құрылысы осы айдың соңына дейін толығымен бітеді және қалаға қажетті күніне 25 мың текше метр су берілетін болады. Екінші нысан – су құбыры, яғни Астана су қоймасынан қалаға келетін су құбыры. Бұл нысан да аяқталып қалды. Келесі аптада толығымен құрылыс жұмысы бітеді және қалаға қажетті су қысымы берілетін болады. Сонымен, бір айдың ішінде бүгінгі су тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі". Жеңіс Қасымбек

Ал тамыз айында бұл станцияның екінші кезеңінің құрылысы бітеді екен.


"Тиісінше қалаға күніне қосымша 85 мың кубометр су берілу мүмкіндігі пайда болады. Бұл алдағы 3-4 жылға жеткілікті", – деп жазды елорда әкімі.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: