Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы заң жобасы, ҚР Парламент мәжілісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 16:14 Сурет: pixabay
Мәжіліс депутаттары 7 маусым күні бірінші оқылымда онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл заң жобасы онлайн-платформалардың қызметін, сондай-ақ онлайн-жарнаманың жұмыс істеуін құқықтық реттеуге бағытталған.

Заң жобасында "онлайн-платформаны пайдаланушы" және "инфлюенсер (блогер)" – онлайн-платформалар арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын онлайн-платформаны пайдаланушы" ұғымдары енгізіледі, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттері белгіленеді.

Заң жобасында онлайн-платформаларда жалған ақпаратты таратуға, орналастыруға тыйым салу енгізіледі. Бұдан басқа, онлайн-платформалардың интерфейстері мен модерациясына мемлекеттік тілді міндетті интеграциялау көзделеді. Бұл әлеуметтік желілердің алгоритмдеріне құқыққа қайшы контентті қадағалауға, сондай-ақ қазақ тіліндегі контентті модерациялауға мүмкіндік береді. Онлайн-платформалардың меншік иелері үшін мемлекеттік органдармен анық емес ақпаратқа және салықтан жасыруға қарсы күрес бойынша ынтымақтастық жөніндегі міндеттеме енгізіледі.

"Ол үшін интернетте осы ресурсты пайдаланушылардың санын анықтау үшін бағдарламаны орнату және уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайтын өзінің заңды өкілін тағайындау жөніндегі талап белгіленеді. Онлайн-платформаларда құқыққа қайшы контент анықталған жағдайда онлайн-платформаның заңды өкіліне оны жою қажеттігі туралы хабарлама жіберілетін болады. Егер бұл талап орындалмаса, онда уәкілетті орган онлайн платформаның қызметін шектеуге құқылы".ҚР Парламент мәжілісі

Сондай-ақ онлайн-платформаларды пайдаланушылар үшін өз парақшаларында орналастырылатын онлайн-жарнаманы таңбалау, сондай-ақ өз қызметін міндетті түрде кәсіпкерлік заңнамаға сәйкес жүргізу міндеттемелері белгіленеді.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: