Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттіктер аптап ыстық салдарынан ауруханаға түсіп жатыр

ыстық, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 01:48 Сурет: freepik
Шымкенттіктер қатты ыстық салдарынан денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп жатыр. Қалалық №1 клиникалық ауруханасына бір апта ішінде қан қысымы көтерілген 10 науқас жатқызылған. Бұл өткен аймен салыстырғанда едәуір көп, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлер ыстық ауа райында асқынатын ауруы бар адамдар мейлінше сыртқа шықпағаны абзал деп отыр. Күніне 2-2,5 литр су ішіп, үнемі бас киіммен немесе қолшатырмен жүру керек екенін ескертеді.

"Күн ысыған кезде асқынатын аурулар бар. Мысалы, артериялық қан қысымы, жүректің шамасыздығы, жүйке жүйесімен ауыратын адамдар, терісінде проблемасы барлар. Күннің тікелей адамға тиюіне байланысты аурулар асқынады. Мүмкіндігінше сыртқа шықпаған дұрыс. Шыққан күннің өзінде көлеңкемен, желдеткіші бар көлікпен жүру керек". Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің басшысы Қуаныш Лекеров

Қала тұрғындарының бір бөлігі ыстықтан қорғану үшін суға түсуді жөн санайды. Бірақ, Төтенше жағдайлар депратаментіндегілер тек шомылуға рұқсат етілген су айдындарына баруға кеңес береді және сақтық шараларын қатаң ескеру қажеттігін еске салады.

"Су айдынында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар. Бейтаныс жерде шомылмаңыз, суға мас күйде түспеңіз. Балаларды су маңайында қараусыз қалдырмаңыз. Жүзу үшін тақтайша, үрмелі матрас, пенопласты пайдалануға болмайды. Егер жүзу білмесеңіз, беліңізден асатын суға түспеуге кеңес береміз. Түнде суға шомылмаңыз. Жағалаудан алыс кетпеңіздер". Шымкент қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Серік Әуезхан

Түркістан облысы мен Шымкентт қаласында аптап ыстық әлі үш күнге жалғасады. Синоптиктердің мәліметінше, 8 маусым күні қалада 36-38 градус ыстық күтіледі. Ал 9 маусым ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр. Тек 10 маусымдаыстықтың беті қайтады дейді мамандар. Шамамен 33 және 35 градус ыстық болады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: