Жетісу облысында жоғалып кеткен тиктокер табылды

Бұрқан бұлақ, Жетіс облысы ТЖД, тиктокер, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 17:48 Сурет: Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі
8 маусымда Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына Текелі қаласының маңындағы тауда жоғалып кеткен 36 жастағы алматылық Дамир Кушеев табылғанын хабарлады.

Төтеншеліктердің мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстары Қарабұлақ ауылынан 40 шақырым жерде, Қорын шатқалы мен Бұрхан бұлақ сарқырамасы аудандарында жүргізілді.

"Ер адамды сағат 12:00-де Жетісу облысы ТЖД құтқарушылар тобы Бурхан бұлақ сарқырамасынан 12 км қашықтықтан тапты. Оған медициналық көмек қажет болмады".Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ведомство іздестіру жұмыстарын жүргізуге ТЖД-дан 12 қызметкер мен 4 бірлік техника, кинологиялық есеп, аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмылдырылғанын атап өтті.

8 маусым күні Жетісу тауларында алматылық тиктокер Дамир Кушеев жоғалып кеткені хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: