Синоптиктер 14 маусымда Қазақстанның қай жерінде жауын-шашын болатынын айтты
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз.
"Оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс, шығыс, шеткі батыста, күндіз Қазақстанның орталығында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін", - деп хабарлады синоптиктер.
Республикада желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, орталықта – шаңды дауылмен, солтүстікте – тұман.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбенің оңтүстігінде, Түркістан облыстарының шөлді аймақтарында қатты ыстық күтіледі.
Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +21+23°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.