Синоптиктер 11 наурызда Қазақстанның қай өңірінде жауын-шашын болмайтынын айтты

Қазақстан, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 16:47 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 11 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, елдің басым бөлігіне циклон жырасы әсер етеді, сонымен қатар атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын болады.

Синоптиктердің болжамынша, елдің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

"Тек елдің оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, ҚР солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз елдің оңтүстігінде найзағай болжанды"."Қазгидромет" РМК

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр). Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде -2-4°С, күндіз +2+4°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с соғады. Ауаның температурасы түнде +6+8°С, күндіз +21+23°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде +11+13°С, күндіз +20+22°С болады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: