Жаңалықтар тізбегі
0

10 наурызда Қазақстанның батысы мен солтүстігінде күн суытады

Қазақстан, ауа райы болжамы, наурыз Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болжанды.

Синоптиктердің болжамынша, тек еліміздің батысы мен солтүстігі арқылы атмосфералық фронтальды бөлімдер өтетіндіктен, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

"Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, тұман мен көктайғақ болжанды"."Қазгидромет" РМК

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -11-13°С, күндіз 0,+2°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел 0-5 м/с соғады. Ауаның температурасы түнде +1+3°С, күндіз +14+16°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде +7+9°С, күндіз +23+25°С болады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз