Жаңалықтар тізбегі
0

Елорда маңындағы өртті сөндіруге екі облыстың төтеншеліктері көмекке аттанды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2023 20:48 Сурет: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, елордалық өрт сөндірушілерге Ақмола облысының жеке құрамынан 18 адам 5 бірлік техника және Қарағанды облысынан 5 бірлік техника мен жеке құрамнан 25 адам көмекке аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері елорда маңындағы 50 гектар аумақтағы өртті сөндіруді жалғастыруда.

"Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары 18 рет су төкті, бұл - 63 тоннадан астам су. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өртті сөндіруді үйлестіру үшін оқиға орнында жүр". Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі


Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2023 20:48

Сурет: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі


Айта кетсек, Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 19 маусымда қураған ағаштың тұтанғаны туралы хабарлама түскенін хабарлады. Таңғы сағат 9:12-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері оқиға орнына дабыл белгісімен аттанды. Астана маңындағы өрт басына Төтенше жағдай министрінің өзі келіп жеткені де хабарланған.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: