Ақмола облысында іздестіріліп жатқан полиция бастығының орынбасары өлі күйінде табылды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2023 11:18 Сурет: Instagram/sinegor.kz
Зеренді аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Тұрар Дүйсембин өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марқұмның денесі элеватор аумағында Қылшықты өзенінен табылған. 

Айта кетсек, марқұм полицейдің туыстары оның жоғалып кеткені туралы 23 маусымда полицияға хабарлаған. Ал оның 20 маусымда жоғалғаны белгілі болды. Ақмола облысы ПД Т. Дүйсембиннің бұйрыққа сәйкес кезекті еңбек демалысында болғанын жеткізді.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін де нақтылайды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: