Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда өрт кезінде батылдық танытып, бір адамды құтқарып қалған студент марапатталды

Алматы, үй, өрт, "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2023 01:03 Сурет: Алматы ТДЖ баспасөз қызметі
Өрт кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін "Тұран" университетінің 3-курс студенті Сраил Дінасыл "Өртте көрген қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 11 маусымға қараған түні Алматы қаласындағы "Көктем-1" шағын ауданында болған.

Сраил Дінасыл үйіне қайтып келе жатқанда төртінші қабаттағы балконның жанып жатқанын байқаған. Ол кіре беріске жүгіріп кіріп, өрт боп жатқанын көршілеріне хабарлау үшін есіктерді қаға бастапты.Есіктердің бірі ашық тұрған, одан түтін шығып жатқан.

Дінасыл жерде жатқан адамды көріп, көршілерін көмекке шақырған. Өзі орамалды сулап, пәтерге кіріп, жәбірленушіні сыртқа шығаруға талпынған. Оған сол үйдің үй тұрғындары Ержан мен Тасмұхан есімді азаматтар көмектесіп, олар бірлесіп, 1954 жылғы ер адамды сыртқа шығарған.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 6 минуттан кейін жеткен өрт сөндіру бөлімшелері өртті сағат 00:21-де сөндіргенін айтты.

Құтқарылған ер адам Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: