Жаңалықтар тізбегі
0

5 шілдедегі түскі саудада доллар үш теңгеге арзандады

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2023 15:57 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,76 теңгеге төмендеп, 443,784 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 61,32 теңгені (-0,46) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк 486,91 теңге, рубльді 4,99 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 445-448,5 теңге, еуро 483,5-488 теңге, ресей рублі 4,95-5,19 теңге аралығында сатылуда.

Бұл ретте мұнайдың әлемдік бағасы аукционда әртүрлі бағытта өзгерді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы қыркүйектегі фьючерстерінің құны 1,17%-ға арзандап, барреліне 75,36 долларды құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері барреліне 0,90%-ға өсіп, 70,42 долларды құрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: