Жаңалықтар тізбегі
0

18 шілдедегі түскі саудада доллар арзандады

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2023 16:22 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,99 теңгеге төмендеп, 444,15 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 61,99 теңгені (-0,14) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк 501,73 теңге, рубльді 4,95 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444,5-447,5 теңге, еуро 497,5-502 теңге, ресей рублі 4,81-5,03 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал 18 шілдедегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны 0,10%-ға өсіп, барреліне 78,58 долларды құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері барреліне 0,23%-ға өсіп, 74,25 долларды құрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: