18 қаңтардағы түскі саудада доллар арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,16 теңгеге төмендеп, 451,80 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 62,60 теңгені (-0,17) құрады.
Ұлттық банк еуро бағамын 492,67 теңге, рубльді 5,13 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 451,9-453,9 теңгеге, еуро 493-496 теңгеге, ресей рублі 5,01-5,15 теңгеге сатылуда.
Ал 18 қаңтардағы аукционда әлемдік бағалар көтеріліп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында наурыздағы Brent фьючерстерінің құны 0,36%-ға өсіп, барреліне $78,16 құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,62%-ға өсіп, барреліне 72,93 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript