Алматы облысының Балқаш ауданында қамыс өртенді
Сурет: Zakon.kz
6 шілдеде сағат 21.00-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Балқаш ауданында Қараой ауылынан 30 км жерде, «Іле-Балқаш» МТР» РММ аумағындағы (жетуі қиын, батпақты, жолсыз жер) жекелеген аралдарда қамыс өрті болғаны хабарланды.
7 шілдеде сағат 00.30-да оқиға орнына келгеннен кейін екі кордон аумағында қамыстың жануы орын алғаны анықталды:
1) сағат 03.30-да "Вагон" кордонындағы өрт оқшауланды (ауданы анықталып жатыр);
2) Наурызбай кордонындағы өрттің аумағы - 20 га.
"Өртті сөндіруге "Іле-Балқаш" МТР" РММ және Алматы облысы ТЖД 16 адам, 8 бірлік техника, 2 мотопомпа, 1 жүзу құралы және 1 ұшақсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ".Алматы облысы ТЖД
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript