Алматы облысында тағы алапат өрт болып жатыр

Өрт, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай, қойма, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2025 19:50 Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
2025 жылдың 20 наурызында түстен кейін Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданы Боралдай елдімекеніндегі өнеркәсіптік аймақ территориясында орналасқан қойманың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД қоймада тамақ өнімдері мен автомайлар сақталғанын нақтылайды.

"Қызыл жалын шарпыған аумақ шамамен 600 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс-қимылдарының арқасында от қойманың бүкіл алаңына және жақын тұрған үш қабатты әкімшілік ғимаратқа таралуына жол берілмеді, өрт сағат 17:17-де оқшауланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді Zakon.kz тілшісіне бейсенбіде аймақтың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімі оқиға орнына жіберілді.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-нің 34 қызметкері мен 13 техникасы, Алматы қалалық ТЖД-нің 6 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Алматы облысының ТЖД өнеркәсіптік нысандар мен қоймаларда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

Бұған дейін де Алматы облысында алапат өрт болған. Ол кезде,  2025 жылы 15 наурызда Талғар ауданы, Жаңалық ауылының жол бойында резеңке бұйымдарын өңдейтін ЖШС аумағының сыртында жиналған дөңгелектер өртенген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: