Алматы облысында алапат өрт болып жатыр

Өрт, Алматы облысы, Қырғауылды ауылы, құрғақ шөп, дала өрті, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 20:11 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы облысында болып жатқан өрттің видеосы Zakon.kz редакциясы қолына түсті. Оны бізге оқиға куәгерлері жолдады.

Өңірдің ТЖД баспасөз қызметіне хабарласып, өрттің Қарасай ауданы Қырғаулды ауылында болғанын анықтадық.

Ведомствоның хабарлауынша, 25 шілдеде Алматы облысы ТЖД өрт сөндірушілері, жергілікті атқарушы органның, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері даладағы құрғақ шөп өртін сөндіру үшін оқиға орнына аттанған.

Соңғы келіп түскен деректерге сәйкес, Қарасай ауданындағы Орта Қырғауылды шатқалында шамамен 8 гектар аумақта құрғақ шөп жанып жатыр.

"Өртті сөндіру жұмыстары қиын таулы жер бедерімен, тік көтерілулермен және өрт ошағына апаратын жолдардың болмауымен күрделене түсті. Барлық жұмыстар жаяу жүргізілді. Елді мекендерге қауіп жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласының ТЖД, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Барлығы шамамен 120 адам мен 25 бірлік техника тартылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жағдай ТЖМ бақылауында.

Бұған дейін Жетісу облысында дәрігерлер өрт болып жатқан үйден бір отбасы мүшелерін құтқарғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: