Алматы облысында қамыс өрті тікұшақпен сөндіріліп жатыр
Алматы облысы ТЖД ұсынған мәлімет бойынша, өрттің жалпы аумағы шамамен 6200 га болды, оның ішінде сөндірілгені 6080 га аумақ.
ТЖД және "Іле-Балқаш "МТР" РММ күштерімен қолмен жұмыс жасайтын шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, солтүстік-батыс жағындағы 6-кварталда алдын ала 120 га алаңда сөндіру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін Орман шаруашылығы күштері жырту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ведомство елді мекендерге қауіп жоқ екенін айтты.
28 маусым күні сағат 13:40-тан бастап өртті сөндіруге "Қазавиақорғау" АҚ-ның Ми-872 тікұшағы жұмылдырылып, осы уақытқа дейін жеті рет су төгу жұмыстары жүргізілді.
Сурет: Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі
Өртті сөндіруге 34 қызметкер, 3 бірлік техника, 1 жүзу құралы мен дрон жұмылдырылған. 2023 жылғы 26 маусымда қосымша 13 адам, 2 бірлік техника және 2 мотопомпасы бар 1 жүзу құралы жіберілді. Сондай-ақ "Іле-Балқаш "РММ 25 адам және 10 бірлік техника, 8 адам және 4 бірлік орман шаруашылығы техникасы жұмылдырылған.