Жаңалықтар тізбегі
0

Рыбакина алдағы қарсыласы туралы: Мен секілді солақай әрі әккі ойыншы

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2023 10:21 Сурет: ktf.kz
"Үлкен дулыға" турниріне қатысып жатқан отандасымыз Елена Рыбакина Ұлыбританияда баспасөз мәслихатына қатысып, шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакинаға "Уимблдонда қандай да бір қысымды сезесіз бе" деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды championat.com.

"Қатты қысымды сезіп тұрғаным жоқ, өйткені мен биыл да өте жақсы өнер көрсеттім. Шынымен де менің көрсеткіштерім өте жақсы, әсіресе Австралиядағысы. Үлкен Дулыға финалына шығу да үлкен жетістік. Қандай да бір қатты қысымды сезбеймін. Әрине, мұнда да жақсы нәтижеге қол жеткізгім келеді. Бұл - басты мақсат, сондықтан биыл оның қалай жүзеге асырылатынын алда көре-жататын боламыз", — деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.


Рыбакина - Уимблдонның қазіргі чемпионы. Өткен жылы финалда ол Онс Жаберді жеңіп кеткен болатын. 

Финалдың 1/8 бөлігінде Рыбакина Бразилия өкілі Беатрис Хаддад-Майямен кездесетін болады. 

"Менің келесі қарсыласым - өте мықты ойыншы. Біз бұған дейін де бірнеше рет ойнаған болатынбыз. Жасыл шөпте емес, әрине. Ол әккі ойыншы. Мен секілді ол да солақай, әрине оңай болмайды. Қолымнан келгеннің барлығын жасауға, сондай-ақ мықтап дайындалуға тырысамын", - деді Рыбакина бразилиялық қарсыласы туралы пікірінде.

Айта кетсек, төртінші айналымға өткен Елена Рыбакина алдындағы үш жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны хабарланған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: