Жамбыл облысында вагондардың рельстен шығып кетуі пойыздар қозғалысына әсер етті

"Барлық пойыздар ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагондар жұмыс істеп тұр. Арнайы комиссия құрылып, жолдан шығып кету себебін анықтауда"., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2023 10:57 Сурет: pixabay
2023 жылдың 17 шілдесіне қараған түні Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Түрксіб-Шу учаскесінде жүк вагондары рельстен шығып кетті.

"ҚТЖ" хабарлағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, рельстен шығу жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсер етті.

"Барлық пойыздар ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагондар жұмыс істеп тұр. Арнайы комиссия құрылып, жолдан шығып кету себебін анықтауда". "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: