Желідегі Ерболат Досаевтың атынан ашылған аккаунттар жалған – әкімдік
Сурет: pixabay
Әлеуметтік желілердегі Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаевтың атынан ашылған аккаунттар жалған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматы қаласы әкімінің атын қолданып, әлеуметтік желілерде аккаунттардың жаппай пайда болуына байланысты, бұл профайлдардың жалған екенін және қала әкімі Ерболат Досаевқа еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз.Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі халықты тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Бұған дейін Иманғали Тасмағамбетовтың атынан әлеуметтік желіде жалған аккаунттар ашылғанын жазған едік.
Тақырып бойынша оқи отырыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript