Жаңалықтар тізбегі
0

Иманғали Тасмағамбетовтың атынан әлеуметтік желіде жалған аккаунттар ашылды

Жалған парақша ашты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 14:21 Сурет: Pixabay
Facebook пен Instagram желісінде Иманғали Тасмағамбетовтың атынан жасалған жалған парақшаларды кездестіруге болады. Мемлекет қайраткерінің бұл аккаунттарға еш қатысы жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мысалы, Stopfake.kz сайтында атап өтілгендей, осы Instagram аккаунттарының бірі tasmagambetov_official 45 мыңнан астам жазылушы жинаса, екіншісі imaangali_tasmagambetov мыңнан астам жазылушыны жинаған.

Әлеуметтік желілерде менің атымнан жалған аккаунттар мен фейк парақшалар пайда болды, оларда арандатушылық сипаттағы материалдар орналастырылды. Әрине, бұл менің беделіме әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар интернет кеңістігіндегі әрбір адамның осалдығы мен қауіпсіздігін көрсетеді. Менің әлеуметтік желілерде ешқандай парақшам жоқ екенін мәлімдегім келеді.Иманғали Тасмағамбетов

Facebookте де оның атынан парақшалар ашылды.

Тасмағамбетов кез келген арандатушылыққа бой алдырмауға, жалған ақпарат таратуға үлес қоспауға шақырады.

Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын жаттықтырушы және оқытушы болып бастады.

Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметтерін атқарды (08.1993 - 03.1995);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (03.1995 - 10.1997);

Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші көмекшісі (09.1998 - 17.02.1999);

Атырау облысының әкімі (18.02.1999 - 14.12.2000);

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (28.01.2002 - 2003.06.11);

Алматы қаласының әкімі (08.12.2004 - 04.04.2008);

Астана қаласының әкімі (04.04.2008 - 22.10.2014).

2017 жылдан бері Қазақстанның Ресейдегі елшісі.

2019 жылдың желтоқсан айында зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен босатылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: