Елордада емхана мен емдеу-оңалту орталығы салынып жатыр
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында елордада емхана мен емдеу-оңалту орталығы салынып жатқанын жазды.
Оның айтуынша, қаланың одан әрі дамуы үшін жеке инвестиция тарту, оның ішінде медицина саласына да бөлу маңызды.
Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі/Александр Куприенко
Елордада жеке қаражат есебінен емдеу-оңалту орталығы бар бес қабатты емхананың құрылысы жүріп жатыр. Ауданы 10 мың шаршы метр болатын жаңа медициналық орталық Алматы ауданында (К.Әзірбаев және А98 көшелерінің қиылысы) салынып жатыр. Жаңа орталықта бір ауысымда 500-ден астам науқас қабылданатын болады. Алтай Көлгінов
Медициналық орталықта амбулаториялық және стационарлық көмектен бөлек, түрлі ауруы бар адамдар үшін оңалту қызметтері де көрсетіледі. Осы мақсатта ауданы 3,5 мың шаршы метрден асатын емдеу-оңалту орталығы жұмыс істейтін болады.
Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі/Александр Куприенко
Аталған емхана мен емдеу-оңалту орталығын салуға және жарақтандыруға 4,5 млрд теңге жеке инвестиция жұмсалады. Қала тұрғындарын медициналық көмекпен қамтуды арттыру үшін жеке медициналық орталықтарға субсидия бөлінетін болады. Алтай Көлгінов
Сонымен қатар, бюджет есебінен медициналық орталықтар желісін кеңейтудеміз, медициналық мекемелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.