Алматы әкімі жер тапшылығы мәселесін қалай шешетінін айтты
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу және кеңейтуге бос жатқан жер телімі жоқ. Қала әкімі Ерболат Досаев жаңа нысандар үшін жаңа жерлерді мегаполистің қай жерінен табатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде Алматыдағы жер тапшылығы мәселесін қалай шешетінін айтты.
Әкімнің айтуынша, қала құрылысы кеңесі таратылған. Осы жағдай тұрғындардың наразылығын тудырған.
Қазір біз Қала құрылысы кеңесін қалпына келтіріп жатырмыз. Барлық жобалар сарапшылардың, жұртшылықтың және белсенділердің қатысуымен талқыланады. Құрылыс алаңдарын алдын ала талқылап, сосын барып бекітеміз.Алматы әкімі Ерболат Досаев
Досаев көптен күткен Алматы қаласының жаңа Бас жоспарын (қазіргісі 2002 жылдан бастап) бекітуді де алдына мақсат етіп қойды.
Өкінішке қарай, Алматыны дамытудың бас жоспары жоқ. Біздің мәселе осыда. Қазір жұмыс істеп жатырмыз, барлық жоспарларымызды түзетеміз. Мамыр айында біз мәслихаттың қарауына нормасы бар құжатты ұсынамыз. Соған сай жолдар мен әлеуметтік мекемелер құрылысының жобаларын бекітпес бұрын учаске иелеріне хабарлама жіберу мерзімдері көрсетілуге тиіс. Бас жоспарды бекіткеннен кейін "нені күтуге болады?", "қай жерде құрылыс салу мүмкін? "қай жерде салмау керек?" деген сияқты сұрақтар жойылады. Құжатта қала қалай дамитынын көрсетеміз. Солтүстікке қарай Түрксіб және Жетісу аудандары бар. Онда ескі үйлер мен инфрақұрылымдардың тозығы жеткен. Мұны қаланың өзі шешпейді, құрылысшылармен ақылдасу керек.Алматы әкімі Ерболат Досаев
Сонымен қатар мамырда қала құрылысының жаңа ережесін бекіту жоспарланған. Әкімнің тапсырмасы бойынша әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін міндетті түрде салу талаптары ескеріле отырып, аумақтарды дамытудың тәсілдері қайта қаралды.
Бұрын құрылысқа рұқсат бергенде құрылыс салушыларға қатаң талаптар болмаған. Бұл барлық «бұрмалауларға» себеп болды. Даму мәселелерін жүйелі шешу үшін мамыр айында Абай даңғылының оңтүстігінен Шығыс айналма жолынан Ясауи көшесіне дейін тоғыз қабаттан жоғары ғимараттардың құрылысын шектейтін жаңа ереже қала мәслихатының бекітуіне ұсынылады. Бұл периметр Бостандық ауданының бүкіл аумағын қамтиды.Ерболат Досаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript