Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыл шаруашылығы техникасының жаңартылуы қарқынды жүруде - облыс басшысы

Брифингі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2022 20:00 Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өңір әкімі Оңдасын Оразалин облыстағы климат пен кең-мол алқаптар мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын дамытуға, еліміздің батыс өңірінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнімді экспорттауға мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 3,9% құраса, былтыр 5,9% жуықтады. 2021 жылдың қорытындысына сәйкес аталған бағыт бойынша облыстар арасында алдыңғы қатардамыз.

Соңдай-ақ, соңғы екі жыл ішінде 700 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді, жылқы басы 38% өсті, ірі қара мал басы – 20%, ұсақ мал басы– 7,1%, құстар саны – 4,5% ұлғайды. Осындай қарқынмен мал басының артуына байланысты жем-шөппен қамтамасыз ету үшін 2020 жылдан бастап Үкіметтің қолдауымен республикалық бюджет есебінен 25 мың гектар көлтабанды және 10,6 мың гектар үнемі суармалы жерлер қалпына келтірілуде. Жалпы, жоспарға сәйкес алдағы 3 жылда қолданыстағы суармалы жерлердің алқабын 100 мың гектарға дейін жеткіземіз, - деді облыс басшысы.

Оның айтуынша, қабылданған шаралар есебінен облысымыз 32 негізгі азық-түліктің 24-імен өзін-өзі қамтамасыз етеді.

Оның ішінде ұн, нан өнімдері, сүт, ет өнімдері, жұмыртқа және көкөніс түрлері бар, - деді Оразалин.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: