Қазақстанда азық-түлік бағасы өсе ме – ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді
Сурет: Zakon.kz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елімізде азық-түлік бағасының өсуін тежеу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы кезеңде бағаның айтарлықтай өсуін болжамайды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында біздің тарапымыздан, мемлекет пен үкімет тарапынан бірқатар шаралар қабылданып жатыр: тұрақтандыру қорларына әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қажетті көлемін сатып алу, тауарлық интервенциялар, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» резервінен арзанырақ бидайды сату. Осы орайда, Ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің, оның ішінде ұн мен нан бағасының айтарлықтай өсуін болжамайтынын атап өткім келеді.АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті директоры Назгүл Хатепова
Бұған дейін ведомство елдегі астық тапшылығы туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын. Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, Қазақстанда 6,4 миллион тонна астық бар және бұл көлем ішкі қажеттіліктерді өтеуге, сондай-ақ астықтың бір бөлігін экспортқа жіберуге жеткілікті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript