Жаңалықтар тізбегі
0

«Нағыз қазақ – домбыра!». Қарағандыда «Күмбірле домбыра» фестивалі дүркіреп өтті

Арнайы іс-шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2022 15:26 Сурет: Қарағанды қалалық Ішкі саясат бөлімі
Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен, Орталық мәдениет және демалыс саябағы жағалауында Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі, қаланың аспаптық ұжымдары, ЖОО студенттері, сондай-ақ барлық тілек білдірушілер «Күмбірле домбыра» фестиваліне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz

Олар Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», «Адай» күйлерін оркестрмен бірге орындады.

Флешмоб, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2022 15:26

Сурет: Қарағанды қалалық Ішкі саясат бөлімі

Іс-шараның негізгі лейтмотиві ретінде әлеуметтік желілер, пабликтер мен БАҚ-та жарияланудың қорытындысы бойынша тіркелген, домбырашылар мен ұрпақтар әулетінің (8 жас, 40 жас, 60 жас) орындауындағы флешмоб болды.

Флешмоб, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2022 15:26

Сурет: Қарағанды қалалық Ішкі саясат бөлімі

Іс-шараға Ұлытау облысынан келген 72 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашев қатысып, оған қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы - домбыра сыйға тарту етілді.

Іс-шара қонағы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2022 15:26

Сурет: Қарағанды қалалық Ішкі саясат бөлімі

«Күмбірлі домбыра» фестиваліне қатысуға Шет ауданынан жас қатысушы Саят Аймира да келді.

Фестивальге қатысушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2022 15:26

Сурет: Қарағанды қалалық Ішкі саясат бөлімі

Айта кетсек, 2018 жылдың 13 маусымында қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында шілденің бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні ретінде белгілеу туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы жарық көрді. Сол жылы шілдедегі алғашқы жексенбі 1-і күніне дөп келіп, сол күні елорданың «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңға жиналған 2 мыңнан астам музыканттан құралған домбырашылар оркестрі «Көңіл ашар», «Адай», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Сарыарқа» күйлерін орындаған еді.

Күмбірле домбыра фестивалі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2022 15:26

Сурет: Қарағанды қалалық Ішкі саясат бөлімі

Домбыра – қазақтың киесі, қа­сиеті, қазынасы. «Дариға, домбырамды бер­­ші маған, Жаныма келші жарым, келші балам...» деп Мұқа­ғали­­ Мақатаев айтып, «Нағыз қазақ қа­зақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» деп Қадыр Мыразәлі ағамыз да қазақ пен домбыраның егіз ұғым екенін түсіндіріп кеткен. Ендеше бүгін ұлы ұлт­тың баласы домбырасын ұлықтайтын ұлы күн!

Домбырашылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2022 15:26

Сурет: Қарағанды қалалық Ішкі саясат бөлімі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: