Алматыда екі даңғыл қиылысында уақытша көлік қозғалысы тоқтатылады

Жол жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2022 15:34 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 30 мен 31 шілде аралығында Райымбек пен Назарбаев даңғылы қиылысында уақытша көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Апаттық қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Райымбек және Назарбаев даңғылы қиылысының батыс бөлігінде 30 шілде сағ. 22:00 мен 31 шілде сағ. 7:00 аралығында, шығыс бөлігінде 31 шілде сағ. 22:00 мен 1 тамыз сағ. 7:00 аралығында көлік қозғалысы тоқтатылады,  делінген қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының хабарламасында.

Қала тұрғындарынан жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап алу сұралады.

Сурет: Алматы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: