Асқар Білісбеков «Алматы» ӘКК басшысы қызметінен кетті
Сіздерге маңызды жаңалықты бөліскім келді. Бүгін «Алматы» ӘКК-нен ресми түрде шықтым. Мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеймін деп ойлаған да емеспін және жоспарлаған да емеспін, бірақ өкінбеймін, - деп жазды Асқар Білісбеков.
Асқар Білісбеков әріптестеріне ризашылығын білдіріп, қалалық мәслихаттың депутаты болып қала беретінін жеткізді.
Асқар Білісбеков 1984 жылы дүниеге келген. «КМЭБИ» Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (2002-2008) «Бизнесті басқару және есеп» мамандығы бойынша және Вестминстер университетін, Вестминстер бизнес мектебін (2012-2013), халықаралық бизнесті дамыту магистрі.
Еңбек өтілі:
«Лего-Паркинг» ЖШС бас директорының орынбасары (04.2008-2009).
«KazNTEV» ЖШС бас директоры (2009-2011).
ASTANA GROUP, ASTANA-MOTORS, Rolls-Royce Motor Cars Almaty директоры (05.2014-09.2016).
«Commercial RE» ЖШС бас директорының орынбасары (05.2016-07.2016).
«Мүлікті басқарушы компания» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі (08.2016-05.2018).
«Мүлік басқарушы компания» АҚ Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі (06.2018-07.2019).
«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі (08.2019-08.2022).