Қостанай облысында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды
Сурет: Қостанай облысы әкімдігі
2 қыркүйектен бері Қостанай облысы Әулекөл ауданында орман өрті ауыздықталмай жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімдігінің резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Бұл – ең алдымен, жатын орын және тамақтану. 1 800 адам эвакуацияланды. Мектептерге 200-ге жуық адам орналастырылды. Көбісі қауіпсіздігін тексеріп өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарын паналады. Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Қостанай облысы әкімдігі
Айта кетсек, 2 қыркүйекте Қостанай облысында орман өртенді. Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елдімекендеріне қауіп төнді. Егде жастағы ер адам қайтыс болды, 10 адам күйік шалып, жарақаттанды. Мыңдаған адам эвакуацияланды. Олар Әулиекөл ауданындағы мектеп пен мектеп-интернатқа орналастырылды. Өрттен зардап шеккендерге еліміздің түкпір-түкпірінен көмек жинала бастады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript