"Тараз – спорттық қала" атты күзгі марафон жеңімпаздары анықталды
Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараның салтанатты ашылуы және қатысушылардың жасы бойынша жарыстардың басталуы қаладағы Орталық алаңда өтті.
Әр жарыста үздік үштікті марапаттау және мәре сызығы ҚР Президентінің 1 саябағында өткізілді. Қашықтық 2400 метрді құрады.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Күзгі марафон "FitnessBlitz Taraz"фитнес клубының жаттықтырушылары өткізген таңертеңгі жылынудан басталды.
Күзгі кросс бағдарламасы:
1 жүгіріс - 18-35 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар;
2 жүгіріс - 36-44 жастағы ерлер мен әйелдер;
3 жүгіріс - 45 жастан асқан ерлер мен әйелдер
4 жүгіріс - мүмкіндігі шектеулі азаматтар.
Қатысушылардың қамтылуы 2000-нан астам адамды құрады.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жарысымыздың жасы ең үлкен қатысушысы 66 жасар Молдыбаев Аманбай 45 жастан асқан ерлер арасында жүделі ІІ орынға ие болды.
18-35 жас ерекшілігі бойынша ерлер арасында І орын Калюжный Андрей, ІІ орын Бекхожаев Рустем, ІІІ орын Култасов Ғалымжан иеленді.
18-35 жас ерекшілігі бойынша әйелдер арасында І орын Кязим Севинч, ІІ орын Сибирякова Яна, ІІІ орын Никрамова Диана иеленді.
36-44 жас ерекшілігі бойынша ерлер арасында І орын Жолдыбаев Нұрболат, ІІ орын Жүнісбеков Асқар, ІІІ орын Қадырманов Досан иеленді.
36-44 жас ерекшілі бойынша әйелдер арасында І орын Сатаева Зарина, ІІ орын Ерубаева Эльвира, ІІІ орын Райымбекова Маржан иеленді.
45 жастан жоғары жас ерекшілігі бойынша ерлер арасында І орын Шкедов Евгений, ІІ орын Молдыбаев Аманбай, ІІІ орын Жазыбаев Асқар иеленді.
45 жастан жоғары жас ерекшілігі бойынша әйелдер арасында І орын Джумакулова Сана, ІІ орын Демидова Елена, ІІІ орын Алимбекова Рабиға иеленді.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Тараз қаласы әкімдігінің грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі