Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысындағы ауылдарға көгілдір отын, ауыз су кезек-кезек беріліп жатыр

Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2022 17:20 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
25 қазандағы Ұлттық мереке – Республика күніне орай Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Рысбек батыр ауылына газ беріліп, Қоңыртөбе ауылында ауыз су жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғындардың қуанышына аудан әкімі Жалғас Мұртаза ортақтасып, Ұлттық мерекемен құттықтады.

Айта кетейік, Жуалы ауданында 49 елді мекен бар, биыл оның бесеуіне газ тартылады деп күтілуде. Оның ішінде, Рысбек батыр, Қызтоған, Ақтасты, Қаратас, Қошқарата ауылдары бар.

Билікөл ауылдық округіне қарасты төрт елді мекенге алдағы екі жылдың ішінде газ тарту жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде аймақтағы барлық елді мекен газбен қамтылатын болады, - деген аудан әкімі жұртшылықты көптен күткен қуанышымен құттықтады.

Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2022 17:20

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Рысбек батыр ауылында 64 аулада 450-ден аса тұрғын тұрады. Газ тарту жұмыстарын "SAT Constrution" ЖШС жүргізген. Газ құбырының ұзындығы - 4,24 шақырым.

Өз кезегінде тұрғындар игілікті іске ризашылықтарын жеткізді.

Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2022 17:20

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Республика күніне орай, Қоңыртөбе ауылында ауызсу жүйесі іске қосылды. Су құбырының ұзындығы - 6 шақырымды құрайды. Енді ауылдағы 700-ден аса тұрғын таза ауыз суды тұтынатын болады.

Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2022 17:20

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты шараға қатысқан ауыл ақсақалдары тұрғындардың тұрмысын жақсарту мақсатында атқарылған жұмыстар үшін облыс басшылығына ризашылықтарын жеткізді.

Республика күні қарсаңында "Асарлатып үй салу" жобасы бойынша Жуалы ауданында жаңа баспана пайдалануға берілді.

Жетітөбе ауылдық округінің тұрғындары мен кәсіпкерлер Ардақ Әбілханұлының баспанасын күрделі жөндеуден өткізуге қол ұшын созып, сауапты іс жасаған.

Аудан әкімі баспана кілтін табыстап, шаңыраққа иелерін қуанышымен құттықтады.

Сарысу ауданында да мерекеге орай спорт алаңшасы ашылып, тұрғындар игілігіне берілді.

Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2022 17:20

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: