Егемендік тойы тойланды
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Еліміздің егемендік тойын мегаполис жұртшылығы ерекше атап өтіп жатыр. Қаладағы барлық алаңдар мен орталықтарда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
"Арбат" алаңында Шымкент қалалық Мәдениет басқармасына қарасты музей, кітапхана, театр ұжымдары Республика күніне орай ұйымдастырылған көрмеге қатысып, тақырыптық көрнекіліктерін қалың көпшілікке таныстырды.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Республика күні биыл ұлттық мереке мәртебесін алып, ерекше аталып отыр. Бүгін Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің мамандары құнды құжаттар мен деректерімізді көрмеге әкеліп отырмыз.Оның ішінде музейдің бастамасымен жарыққа шыққан "Ақ жол", "Шолпан" еңбектері бар. Ұлттық мерекенің ұлықталып, халықтық тойға айналғаны қуантады. Барша шымкенттіктерді мерекемен құттықтаймын, – дейді бұқара халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің маманы Забира Мұратбекова.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript