Сәтбаев қаласында республикалық бокс турнирі өтіп жатыр
Сурет: Сәтбаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін жалауын көтерген бокс турниріне елдің әр аймағынан 120-дан аса спортшы 20 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынап бастады. 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер қолғап түйістірер турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали қатысып, өз құттықтауын жеткізді.
Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған республикалық турнирдің негізгі мақсаты – аймағымызада бокстың дамуына үлес қосып, жасөспірімдерді спорттың осы түріне ынталандыруға зор үлесін қосқан Ерболат Сәруарұлын еске ала отырып, жастардың спортқа деген ынтасын көтеру, боксшылардың арасында тәжірибе алмасу және спорттық дәрежесін көрсету.
Жарыстың құрметті қонағы ретінде жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы, жастар әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, WBC жастар арасындағы әлем чемпионы, WBC Азия чемпионы және WBA Continental нұсқасы бойынша чемпион Садриддин Ахмедов шақырылды.
Бокс бәсекесі үш күнге жалғаспақ.


