Жаңалықтар тізбегі
0

Сәтбаевта республикалық жас ақындар айтысы өтті

Сәтпабев, Ұлытау облысы, айтыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2022 10:34 Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында "Сөйле тілім, алаңдама, тартынба" атты республикалық айтыстың үздіктері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін жыр жәрмеңкесі биыл ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, ақын, термеші-жырау, кенші Шынболат Ділдебаевтың 85 жылдығына арнап өткізілді.

Қалалық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылған жыр бәйгесіне еліміздің әр түкпірінен жалпы 16 ақын қатысты. Жыр кешінің салтанатты ашылу рәсіміне Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов қатысып, кеншілер шаһарына келген жас ақындарға сәттілік тіледі.

"Шынболат Ділдебаевтың 85 жылдығына арналған «Сөйле тілім, алаңдама, тартынба" атты республикалық айтыстың ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Айтыс өнері сан ғасырлар бойы өз құндылығын жоғалтпаған, киелі сөзбен ақиқаттың алдаспанына айналып, алты Алаштың басын біріктіріп жүр.

Өздеріңіз білетіндей, біздің кенді шаһарымызда жас ақындар айтысы жыл сайын республикалық деңгейде өтіп жүр. Енді, бұл жолғы айтыстың орны бір бөлек. Себебі, биыл үш жүздің басын қосқан, қасиетті Ұлытау жері, облыс мәртебесін алды. Бүгін сахнаға шығатын ақындар киелі мекеннен рух пен шабыт алып, жақсы өнер көрсетеді деп ойлаймын.

Айтысты жүрекке теңеп жатады. Себебі адам баласын, құлақ, көз, тіл алдаса да, жүрек ешқашан алдамайды. Ақындарымыздың жүрегінен шыққан сөз, әрқашан халықтың жүрегіне жетіп жатады.

"Алдынғы толқын – ағалар, соңғы толқын – інілер" деп Абай атамыз айтқандай, бүгін аға буын ақындар тобына жаңадан жарқырап шыққан жас ақындар тобы қосылады. Осындай жалынды жастарымыз барда, ұлттық өнеріміз ешқашан өшпейді.

Бүгінгі сәтті пайдаланып, еліміздің жан-жағынан келген ақындарға сәттілік тілеймін!, - деді қала басшысы.

Екі күнге созылған аламан бәйгеде 8 жұп өнер көрсетіп, оның бесеуі ақтық финалға жолдама алды.

Сайыстың қорытындысы бойынша ІІІ орынды елордалық Айым Асылбек пен ұлытаулық Сырым Нығызбай иеленді.

ІІ орынға көкшетаулық Нұрмахан Жақыпбек ие болса, жүлделі І орынды қарағандылық Еркеғали Бекболат қанжығасына байлады.

Айтыс, Ұлытау облысы, айтыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2022 10:34

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлытау облысы, айтыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2022 10:34

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бәйгенің бас жүлдесін ақтөбелік Нұрбол Жауынбаев жеңіп алды.

Барлық қатысушы ақындарға 100 мың теңгелік сертификат берілді. Сонымен қатар, "Қазақтың Кетбұғасы" қоғамдық бірлестігінің арнайы 100 мың теңгелік жүлдесі Павлодарлық Бөкен Жігерге, астаналық Нартай Тілеуқұлға және жерлесіміз Абзал Мақашқа бұйырды.

Қала әкімі Асқар Ыдырысов келер жылы кеншілер қаласының 50 жылдық мерейтойына орай, республикалық айтысты халықаралық деңгейде өткізу туралы сүйінші хабар жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: