Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып қалды

Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2022 10:49 Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұрат Әйтенов Шымкент қаласы әкімі лауазымында қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды" – делінген Ақорданың ресми ақпараттық ресурсы таратқан Жарлық мәтінінде.

Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған.

Білімі:

2004 жылы армия генералы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын "ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы" мамандығы бойынша бітірген.

2011 жылы Қарағанды экономикалық университетін "заңтану" мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

  • 2006-2008 жж. – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.

  • 2008-2010 жж. – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.

  • 2010-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

  • 2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

  • 2013-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы.

  • 2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары.

  • 2019 жылғы 27 желтоқсаннан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

  • 2020 жылғы 21 қаңтардан – Шымкент қаласының әкімі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: