Жаңалықтар тізбегі
0

Қызметінен босатылған Мұрат Әйтенов желіде жазба жариялады

Мұрат Әйтенов, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2023 21:13 Сурет: primeminister.kz
Бүгін, 5 қыркүйекте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қызметінен босатылған болатын. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лауазымды қызметінен босатылған Мұрат Әйтенов ұлт дәстүрінің ұйытқысы болған шежірелі Шымкенттің қазақ руханиятында орны бөлек екенін айтады.

"Бүгінде республикамыздағы үшінші қаланың дамуы, өркендеуі, бағыт-бағдары Мемлекет басшысының тікелей назарында. Бүгін төрт жылға жуық атқарған қала әкімі қызметін аяқтадым. Экономикалық әлеуеті зор, милионнан астам халқы бар, келешегі кемелді қаланы басқаруда маған үлкен сенім білдіріп қолдау көрсеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысым шексіз!Осы уақыт аралығында Президент тапсырмасымен қаланы дамытуда маңызы орасан ірі жобаларды жүзеге асыруда, қала халқына қолайлы жағдай жасауда күш біріктірген барлық үзеңгілес әріптестеріме де алғыс айтамын", деп жазды Мұрат Әйтенов Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ ол Шымкент әрбір қазақстандықтың жүрегіне мейірім шуағын себетін тарихи қала екенін баса атап өтті.

"Шымкенттің халқы да ерекше. Кез-келген игі бастамаларға араласып, ел ішіндегі өзекті мәселелерді назарға алуда өте белсенді.Әр салада жүріп мегаполистің дамуына өз үлесін қосып жүрген еңбекқор қала тұрғындарына алғысым айрықша! Шымкенттің алар асуы биік, халқы аман, бақыты берекелі болсын! Елге - тыныштық, әрбір шаңыраққа шаттық тілеймін!", делінген экс-әкімнің жазбасында.

Мұрат Әйтеновтың орнын Ғабит Сыздықбеков басқанын баса айта кетелік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: