Президент Шымкент қаласының жұртымен кездесті

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2022 16:34 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Президент Шымкентті еліміздегі табиғаты да, тұрғындарының ықылас-пейілі де ерекше ыстық жердің бірі ретінде атап өтті.

Қазақ руханиятында Шымкент шаһарының орны бөлек. Бұл – ұлт дәстүрінің берекелі бесігіне айналған қала. Сондай-ақ қазақы қасиет пен ыстық ықыластың символы. Бұл – үздік мәдениет пен ұлттық этикеттің тоғысқан жері. Ұлыларды ардақтау, үлкенді сыйлау – сіздердің басты ұстанымдарыңыз. Шымкент – ұлтымыздың өсіп-өнген, көктеп-көбейген мерейлі мекені. Сондықтан мен шырайлы қаланың халқын Жерұйығын тапқан жұрт деп сеніммен айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент туралы мынадай деректерге тоқталды:

  • ▪️ Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді;

  • ▪️ 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды;

  • ▪️ қала бюджеті 4 есе өсті;

  • ▪️ қаладағы өнеркәсіп өнімі 65 пайызға артты;

  • ▪️ аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй салынды;

  • ▪️ соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жетті, осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді;

  • ▪️ соңғы кезде шаһарға іргелес жатқан 41 елді-мекен қосылды;

  • ▪️ инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттыруға 4 жылда республика бюджетінен 135 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді;

  • ▪️ жылдың соңына дейін 15 мың тұрғыны бар Құрсай аумағына ауыз су жеткізіледі;

  • ▪️ Шымкентте 5 жылдың ішінде 101 мектеп салу жоспарланған;

  • ▪️ қалада соңғы екі жылда 50 жекеменшік мектеп ашылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: