Астанада EXPO халықаралық көрме орталығында жаңа жылдық жәрмеңке өтеді

EXPO кешені, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2022 22:37 Сурет: pixabay
17-19 желтоқсан аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында "Жаңа Жыл Fest" жаңа жылдық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мерекелік жәрмеңке-көрмеде қонақтар жаңа жылға арналған ерекше сыйлықтарды, кәдесыйларды, ойындарды, қолдан жасалған бұйымдарды, декор заттарын және басқаларын қолжетімді бағамен сатып ала алады, делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Сондай-ақ, жаңа жылдық тағамдардың дәмін татуға болады.

Қонақтар үшін қызықты мастер-класстар, аниматорлармен ойындар және жаңа жылдық мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Іс-шара 17-19 желтоқсан аралығында сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін ЭКСПО орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы 53/1 мекенжайы бойынша үш күн бойы өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: