Олег Крук: Біз жеке секторды ұмыт қалдырған жоқпыз
Сурет: Zakon.kz
Екібастұзда 5 желтоқсанда кешке жедел штаб өткізген брифинг барысында "барлық күш көпқабатты тұрғын үйлерге жұмылдырылып, жеке сектор назардан тыс қалды" деген ақпаратқа қатысты Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз жеке секторды ұмыт қалдырғанымыз жоқ. Бригадалар жұмыс істеп жатыр. Ол арада екі звеномыз бар. Қазір олар қатып қалған құбырларды жылыту, жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Бізде кезең-кезеңімен атқарылатын жұмыстар бойынша мекенжай тізімдері бар. Олар соны бағдарға ұстап, жұмыс істеп жатыр. Әрине, негізгі күш көпқабатты тұрғын үйлерге жұмылдырылуда. Ол жағы түсінікті ғой. Көп ұзамай мәселе толығымен шешімін табады. Басты проблемаларды еңсеріп, кезек-кезегімен жұмыстар атқарылып жатыр. Тоқтап қалған ешнәрсе жоқ. Сондықтан халықтан сабыр сақтауды сұраймыз. Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук
Оның айтуынша, көпқабатты тұрғын үйлер толығымен жылумен қамсыздандырылса, қалғанын еңсеру әлдеқайда жеңіл.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript